Өзбекстан 45 мемлекеттің азаматтары үшін визасыз режим ендіреді

12 Қаңтар 2019, 09:54
2375
Бөлісу:
Өзбекстан 45 мемлекеттің азаматтары үшін визасыз режим ендіреді

Астана, baq.kz. Өзбекстан ақпан айынан бастап тағы 45 мемлекеттің азаматтары үшін визасыз режим ендірмек. Бұл туралы 24kz сайты хабарлайды.

Тізімде Ватикан, Австралия, Греция, Бразилия, Швейцария сияқты мемлекеттер бар. Лихтенштейн мен Жаңазеландиялықтар да ендігі жерде бір ай бойы маржандар қаласын тамашалауға мүмкіндік алды. Ал германиялықтар қаңтардың ортасынан бастап визасыз қатынай береді.

Өзбекстан былтыр жеті бірдей мемлекетпен қатар тәжікстандықтар үшін де визасыз режим орнатқан еді. Оған қоса 76 елге электронды виза ұсынды. Ал жыл басында оңтүстіктегі көршіміз 109 елдің азаматтарына жылжымайтын мүлікті белгілі бір бағада сатып алған жағдайда Өзбекстанда тұруға рұқсат беретінін жариялады.

Бұл тізімде АҚШ пен қазақстандықтар да бар. Көршілер осылайша шетелдіктерге баспана алу тәртібін жеңілдетті.

«Қазір жаңа заң бойынша Өзбекстанға визасыз келіп, бір ай асықпай демалуға болады. Бұқара, Самарқанд, Хиуа сияқты қалаларға барып, көне тарихи орындарды аралап дем аласыздар. Шайханадан дәм татасыздар. Мен шығыс шәйханасын өте жақсы көремін. Осында келіп бұрынғы достарыммен кездестім. Дәл қазіргі таңда Өзбекстандағы тағы бір ерекше атап өтетін жағдай – ол шетел азаматтарының баспана, жер, тағы да басқа мүліктер алып тұруына құқық берілуі», Ахмад Аль-Зубайда, турист.

Өзгелердің жаңалығы