Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында еріген қар суын бұру бойынша жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
11 ақпанда Зайсан қаласында ауа температурасының жылынуы және түнгі уақытта жауын-шашынның түсуіне байланысты таулы жердегі қар еріді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, таудан аққан су Жақсылықов, Молдыбаев, Ноғайбай көшелерінің бойымен ағып жатыр.
Тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ.