Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Зайсан қаласында құны 781 млн теңге болатын бес қабатты 60 пәтерлі тұрғын үй мен инженерлік инфрақұрылымның құрылысы аяқталуға жақын. Бұл туралы Алтайньюс жазды.
Тұрғын үй осы жылдың соңына дейін пайдалануға берілмек.
Сонымен қатар Зайсан ауданында ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың бастамасымен іске қосылған "бір қабатты Шығыс" жобасы іске асырылуда. Аталған жоба аясында 840 млн теңгеге 30 екі пәтерлі үйдің құрылысы аяқталды. Енді тұрғын үйді пайдалануға сәтті тапсыру үшін 126 млн теңге қажет. Ақша үйлердің инженерлік инфрақұрылымын қаржыландыруға үшін қолданылады.
Алайда, мұнымен жұмыс тоқтап қалмайды. Тағы 35 екі пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды. Осы мақсаттарға 832,5 млн теңге сомасында бюджеттік қаражат 2022 жылға жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, көп балалы отбасылар үшін үй жанындағы аулаларды абаттандыру, 36 екі пәтерлі тұрғын үйдің шағын футбол және балалар ойын алаңдарын жайластыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, өткен жылы пайдалануға берілді.