Зарина Дияс Гонконгтағы турнирдің келесі айналымына өтті

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Гонконгтағы ITF W25 турнирінің екінші айналымында қытайлық теннисшіні жеңді.</h4>

 3 Қаңтар 2020 2020, 11:42
3 Қаңтар 2020 2020, 11:42
4485

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Гонконгтағы ITF W25 турнирінің екінші айналымында қытайлық теннисшіні жеңді.

Зарина Дияс қытайлық спортшы Вушуанг Чженгті 6:2, 6:0 есебімен жеңіп, турнирдің үшінші айналымына шықты.
Келесі айналымда грузиялық теннисші Екатерина Горгодземен бүгін – 3 қаңтарда ойнайды.

Қазақстандық спортшы Гонконгтың ITF W25 турниріндегі алғашқы қарсыласы украиналық Дарья Лопатецкаяны 1 қаңтар күні турнирдің бастапқы айналымында 6:1, 6:2 есебімен жеңген болатын.
Наверх