Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында отандасымыз парадзюдодан күміс жүлдегер атанды.
Қазақстан тарихында Паралимпиаданың парадзюдодан ең алғашқы жеңімпаз атанды.
Зарина Байбатина жартылай финалда италиялық Каролина Костадан басым түсті.
70 келіден жоғары салмақта белдескен қазақстандық парадзюдошы Зарина Байбатина финала азербайжандық Дурсадаф Каримовамен кездесті. Отандасымыз қарсыласына иппон әдісімен есе жіберді.
Еске сала кетсек, бұған дейін Давид Дегтярёв алтын жүлдегер атанды. Ал татамиде өнер көрсеткен парадзюдошыларымыз Әнуар Сариев пен Дәулет Теміржан Олимпиаданың күміс медалін алды.
Жалпы есеп бойынша Қазақстан қоржынында 1 алтын және 3 күміс медаль бар.