Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Зардап шеккендер жоқ: 5,8 балдық жер сілкінісі болды

8 Сәуір 2025, 08:05
1570
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Бүгін түнде Индонезияның Симелуэ аралының жағалауында 5,8 баллдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ Report-қа сілтеме жасап.

Жер сілкінісі туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы хабар таратты.

Орталықтың мәліметтері бойынша, эпицентр Синабанг елді мекенінен оңтүстік-шығысқа қарай 65 км жерде орналасқан, халқы 15 мыңға жуық. Ошақ 18 км тереңдікте болды.

Зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат түскен жоқ, цунами қаупі жарияланған жоқ.

Өзгелердің жаңалығы