Зардап шеккендер жоқ: 5,2 балдық жер сілкінісі тіркелді

Эгей теңізіндегі Грекия жағалауында қуаты 5,2 балдық жер сілкінісі болды.

 istockphoto.com 9 Қыркүйек 2025 2025, 04:31
9 Қыркүйек 2025 2025, 04:31
1617
Фото: istockphoto.com

Эгей теңізіндегі Грекия жағалауында қуаты 5,2 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сейсмологтардың дерегінше, жер сілкінісінің эпицентрі Афинадан солтүстік-шығысқа қарай 37 шақырым жерде, Неа Макри қаласынан (халқы шамамен 15 мың) 14 шақырым қашықтықта орналасқан. Дүмпу 10 шақырым тереңдікте тіркелді.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат жоқ.

Наверх