Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Зардап шеккендер бар: жеңіл моторлы ұшақ гольф алаңына апатты түрде қонды

18 Тамыз 2025, 07:47
952
Бөлісу:
 ABC News
Фото: ABC News

Австралияның Сидней қаласының солтүстігінде оқу-жаттығу рейсі кезінде Piper Cherokee маркалы жеңіл моторлы ұшақ гольф алаңына мәжбүрлі түрде қонды, деп хабарлайды BAQ.KZ ABC News-ке сілтеме жасап.

Оқиға жергілікті уақытпен 14:00 шамасында болған. Әуе кемесінде нұсқаушы ұшқыш пен курсант болған. Қону сәтінде ұшақтың қанаты сынған, ал дөңгелектері жарылған.

Дәрігерлер гольф алаңында екі адамның да жеңіл жарақат алғанын айтып, оларды әрі қарай тексеру үшін ауруханаға жеткізді.

Әзірге апаттың нақты себебі анықталмады. Билік өкілдерінің айтуынша, бұл қозғалтқыштағы ақауларға байланысты болуы мүмкін.

Мен әуелі бұл үлкен құс шығар деп ойладым. Бірақ жоғары қарасам, ұшақ тура бізге қарай құлап келе жатыр екен. Тіпті қолымдағы таяқты лақтырып, соқтығысып қала жаздадым, - деді куәгерлердің бірі.

Айта кетейік, биыл наурыз айында ұқсас апат Оңтүстік Африкадағы әуе шоуында болған еді. Сол кезде Impala реактивті ұшағы мыңдаған көрерменнің көз алдында құлап, жарылып кеткен. Ұшқыш қаза тапқан, ал шара дереу тоқтатылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы