Зардап шеккендер бар: Алматы облысында автобус пойызбен соқтығысты

Оқиға салдарынан 6 адам әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

 Алматы облысы ПД баспасөз қызметі Кеше 2026, 22:24
Кеше 2026, 22:24
230
Фото: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Алматы – Боралдай – Шамалған станциясы маңындағы теміржол өткелінде жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полцияның мәліметінше, көмір станциясынан келе жатқан пойыз өткел арқылы өтіп бара жатқан. Маршрут автобусының жүргізушісі жол бермей, соқтығысуды жүзеге асырғаны анықталды.

Оқиға салдарынан 6 адам әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының барлық жағдайларын анықтауға бағытталған тексеру жұмыстары жүргізілуде, – делінген полиция хабарламасында.

Наверх