Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына сапары барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Расында, бұл – үлкен шаруа. Зардап шеккен азаматтардың бәрі үш айдың ішінде баспаналы болады деп уәдемді бердім. Оған күмәнім жоқ. Ол – бір. Екіншіден, Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына қатысты. Ең алдымен, осы мәселені шешейік. Содан кейін амандық болса, осы бір қасиетті жерге келіп, Ахмет Байтұрсынұлы бабамыздың рухына тағзым етіп, тойды өткіземіз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент тиісті көмек көрсетілетінін айтты.
Барлық көмек болады. Жаңа да айтып кеттім ғой. Ел болып, тұтасып, тату болып, бір-біріне көмектесіп, осы күрделі жағдайдан абыроймен шығамыз. Ең алдымен бірлік болсын!, - деді Президент.
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің баяндамасын тыңдап, өртті толық әрі жылдам ауыздықтау үшін шұғыл әрекет ету штабына бірқатар тапсырма берді. Сондай-ақ ведомство қызметкерлерінің әлеуметтік мәселелерін шешіп, кәсіби кадрлардың дайындығын арттыру қажет екенін айтты.