Запастағы 635 офицер әскери қызметке шақырылды

3 Шілде 2023, 00:17
2171
Бөлісу:
Запастағы 635 офицер әскери қызметке шақырылды
Фото: Арман Мухатов

Премьер-министр Әлихан Смайылов биыл әскери қызметке шақырылатын запастағы офицерлердің санын екі есе арттыруды көздейтін құжатқа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құжатта жазылғандай, биыл жалпы саны 635 запастағы офицер мына құрылымдардың қатарына шақырылып отыр. Оның ішінде:

- ҚР Қарулы Күштеріне – 550 офицер;

- ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне – 60 офицер;

- ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне – 16 офицер;

- ҚР Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұлан қатарына – 9 офицер.

Жобаның мақсаты – 2023 жылы ҚР Қарулы Күштерін, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігін және ҚР Ұлттық ұланын жасақтау үшін әскери қызметке шақырылатын запастағы офицерлердің санын ұлғайту. Жобаны іске асыру қосымша бюджет шығынын талап етпейді және тиісті жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады, – деп жазылған Үкімет басшысы қол қойған қаулыда.

Құжат алғаш ресми жарияланғаннан 10 күн өтіп барып, 11 шілдеде күшіне енбек.

Өзгелердің жаңалығы