Заңсыз такси жүргізушісі болған шетелдіктер ұсталды

Бөлісу:
Заңсыз такси жүргізушісі болған шетелдіктер ұсталды
Фото: Видеодан скриншот

Рейд барысында ұсталған 29 шетелдік көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінде мегаполисте “Заңсыз келуші” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр.

Заңсыз жұмыс істеген 29 шетелдіктердің 25-і қаладағы құрылыс нысандарында жұмыс істесе, тағы төртеуі зауытта жалпы еңбек міндеттерін атқарды. Айтпақшы, тағы екі шетелдік заңсыз жолаушылар тасымалдап, такси жүргізушісі болып жұмыс істегенін айта кеткен жөн. Шетелдіктердің барлығы Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тартылды, - деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Алматы полициясы көші-қон ережелерін сақтау елдегі құқық тәртібі мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды аспектісі екенін еске салады.

Өзгелердің жаңалығы