Заңсыз сауда жасап жүрген жасөспірімдер анықталды – Шымкент

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте ата-анасының қарауынсыз заңсыз сауда жасап жүрген жасөспірімдер анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.</h4>

 19 Қаңтар 2021 2021, 02:46
19 Қаңтар 2021 2021, 02:46
1975

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте ата-анасының қарауынсыз заңсыз сауда жасап жүрген жасөспірімдер анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкентте «Таза қала» іс-шарасы аясында кезекті рейдтік жұмыстар жүргізілді. Рейд барасында полиция департаментінің әл-Фараби ауданы полиция басқармасының қызметкерлері Бейбітшілік көшесінде орналасқан «Арбат» демалыс аймағында заңсыз сауда-саттықпен айналысқан азаматтар мен ата-ананың қарауынсыз жүрген жасөспірімдерді анықтады. Тәртіп сақшылары анықталған жайттар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 204 және 442-баптарымен әкімшілік хаттама толтырып, профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Айта кетейік, 2021 жылдың 13 ақпанына дейін созылатын іс-шараға департаменттің барлық кешенді күштері жұмылдырылған.

Наверх