Заңсыз көші-қон ұйымдастырған: Қарағандыда қылмыстық топ ұсталды

Бөлісу:
Заңсыз көші-қон ұйымдастырған: Қарағандыда қылмыстық топ ұсталды
Фото: архив

Қарағандыда заңсыз көші-қонды ұйымдастырумен айналысатын қылмыстық топтың қызметі әшкереленді, деп хабарлайды BAQ.KZ Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс прокуратурасы ҰҚК департаментімен бірлесіп, шетелдіктерге уақытша тұруға 700-ден астам рұқсатты заңсыз беруді ұйымдастырған қылмыстық топтың қызметін әшкереледі.

Қылмыстық схемаға ХҚКО, медициналық мекемелердің қызметкерлерінің және «көмекшілер» деп аталатындардың кіргені анықталды, – деп жазылған хабарламада.

Заңсыз көші-қонды ұйымдастырудың аталған фактісі облыс прокуратурасының АЕК-іне тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізу үшін ҰҚКД ТБ-ға жіберілді, қазіргі уақытта үш айыпталушы сотқа берілді.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде істің мән-жайлары жария етуге жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы