Заңсыз иемделген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның отырысы өтті

31 Мамыр 2024, 18:52
427
Бөлісу:
Заңсыз иемделген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

 

Комиссия 235 млрд теңгеден астам сомаға активтерді ерікті түрде қайтару туралы бірқатар келісім жасасуды мақұлдады. Оның ішінде 230 млрд теңге ақшалай түрде Қаржы министрлігінің шотына аударылатын болады. Сондай-ақ жер қойнауын пайдалану кәсіпорындарындағы акциялар, жер телімдері және Алматыдағы әкімшілік ғимарат мемлекеттің меншігіне өтеді.

Заңсыз иемделген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Сонымен қатар Комиссия «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» ҚР Заңында көзделген тұлғалармен жалпы құны 28 млрд теңгеден астам инвестициялық және әлеуметтік жобаларды іске асыру туралы келісімдер жасасуды қолдады. Қаражатты ел экономикасына қайта инвестициялау – «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген активтерді қайтару шараларының бірі.

Заңсыз иемделген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Жалпы, жыл басынан бері Комиссия шешімдерінің негізінде мемлекетке 325 млрд теңгеден астам соманың активтері қайтарылды, оның ішінде ақшалай қаражат, 13 мың гектар жер, тарихи-мәдени мұра заттары, қымбат зергерлік бұйымдар бар.

 

Өзгелердің жаңалығы