Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы қылмыстық әділдік мәселелері жөніндегі сарапшы Дмитрий Нұрымов сыбайлас жемқорлыққа қатысты өткен сарапшылар кеңесінде айтты.
Жемқорлық қылмыстық саясаттың тағы бір факторы - заңсыз баюды криминализациялау, ол да белгілі бір себептермен 2023 жылдың 4-тоқсанына шегерілді. Бұл криминализация бұрынғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиялық құжаттарда да жоспарланған, бірақ іс жүзінде ешқашан жүзеге асырылмаған,-деді Нұрымов.
Ол неліктен заңсыз баюды қылмыстық жауапкершілікке тартуды кейінге қалдыруға болмайтынын айтты.
Бәлкім, бұл мемлекеттік қызметшілердің кірістері мен шығыстары туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы декларациялау бойынша заңнама мен тәжірибені жетілдірудің драйвері болар. Әзірге, әрине, бұл жүйе халықаралық стандарттарға және біздің міндетімізге толық сәйкес келмейді. Декларацияларды тексеру заңсыз баю көрсеткіштерін анықтайды, тиісінше бұл ретроспективті тергеу жүргізуге және жүйелі сыбайлас жемқорлыққа қатысы болуы мүмкін адамдарды жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді,-деді ол.