Заңсыз автокөлік ұтыс ойынын ұйымдастырған блогер сотталды

Бүгiн, 01:48
144
Бөлісу:
Заңсыз автокөлік ұтыс ойынын ұйымдастырған блогер сотталды
Фото: baq.kz

Түркістан облысында заңсыз автокөлік ұтыс ойынын ұйымдастырған блогер сотталды. Бұл туралы BAQ.KZ «Астана» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Кентау қалалық соты лоторея ойынын ұйымдастырған азамат Н-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Соттың мәліметінше, жергілікті тұрғын 2024 жылдың маусым айында "Tik Tok" әлеуметтік желісі арқылы арнайы билеттерді сату арқылы автокөліктің ұтыс ойынын өткізген. Билеттерді сату "Kaspi.kz" банк қосымшасы арқылы ақша аударымдары арқылы жүзеге асырылған.

Сот ұтыс ойынын ұйымдастырған азаматты кінәлі деп тапты.

Сот қаулысымен азамат Н әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 258 440 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды, – делінген сот хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы