Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған «Орталық Азия – ҚХР» атты саммитінде айтты.
Бүгінгі кездесуіміздің маңызды бағытының бірі - Орталық Азияның үлкен әлеуетін ашу. Соңғы жылдары ішкі өңірлік ынтымақтастық жаңа сапалы деңгейге өтті. Оған елдер арасындағы сенімді әрі белсенді диалог пен консультативтік кеңестер әсер етіп жатыр. Бірлескен кәсіпкерліктің саны артып жатыр. Машина жасау, ауыл шаруашылығы, энергетика саласында зәкірлік жобалар артып жатыр. Біз кеден шекарасында адал қызмет етпейтін кәсіпкерлермен күресті бастадық. Ол шекарада тәртіп орнатуға бағытталған, - деді Тоқаев.
Ол атағандай, олар бизнеске кедергілер тауып, заңсыз әрекеттерге барып жатыр.
Осы сынды кәсіпкерлермен күресудің нәтижесі алыста емес. Қазақстанға импорт пен өзге елдерге транзит зардап шекпейді. Осыған сәйкес тапсырманы мен Үкімет пен құқы қорғау органдарына тапсырдым. Шекарадағы аймақтарда инфрақұрылымдық шараларды жүзеге асыра береміз. Бұл шаралар ішкі өңірлік тауар айналымына оң әсерін беріп жатыр. Соңғы жылда Орталық Азия елдерімен Қазақстанның тауар айналымы 40 пайызға артты. Біз Орталық Азия мен Қытаймен орнықты қарым-қатынас орнатуды, өзара ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін пайдаланған жөн, - деді Мемлекет басшысы.