23 сәуірде ұйымдасқан қылмыс тобы құрамында заңсыз аңшылықпен айналысқандарға қатысты үкім заңды күшіне енді ( ҚК-тің 262-бабы 1,2-бөліктері, 337-баптың 6-бөлігі 1-тармағы), деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сотта бұлтартпас дәлелдер бола тұра, төрт айыпталушы жасаған қылмыстары үшін өз кінәларын мойындамай, жасаған қылмыстарына өкінбеген.
Осыған қарамастан, мемлекеттік айыптаушы Петропавл қаласының 4 тұрғынын облыс орталығының маңында 53 елікті заңсыз атып, мемлекетке 68 миллион теңгеден астам шығын келтіргенін дәлелдеді.
Петропавл қалалық соты прокуратураның пікірімен келісе отырып, барлығын 8 жылдан 11 жылға дейін нақты бас бостандығынан айыруға соттап, олардан келтірілген материалдық шығынды өндіріп алумен үкім шығарды.