Заңның қабылдануы жануар иелерінің жауапкершілігін арттыруы керек - қоғам қайраткері

31 Желтоқсан 2021, 14:02
1344
Бөлісу:
Заңның қабылдануы жануар иелерінің жауапкершілігін арттыруы керек - қоғам қайраткері

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Зоолог, қоғам қайраткері Сергей Головенко Қазақстанда жануарларды қорғау туралы заңның қабылдануымен өзгеруі керек мәселелерді атады.

Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң мал иелерінің жауапкершілігін арттыруға және үй жануарларының санын бақылауға байланысты белгілі бір ережелерді, талаптарды және қатаң шараларды енгізуді қарастырады. Мысалы, жануарларды есепке алуды оның иелері қамтамасыз етуі керек. Ветеринариялық көмекті сақтау және уақытылы көмек көрсету үшін қажетті жағдайларды және жануарлардағы  аурулардың алдын алуды жүзеге асыру, үй жануарларында қажетсіз төлдердің пайда болуын болдырмау бойынша шаралар қабылдауға жауапты болуы керек,-дейді ол.

Ол атағандай, жануарларға қатыгездік жасағаны үшін қатаң қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік енгізілді.

Демек, бұл заңның қабылдануы күтіп-бағу мәдениетінің деңгейін көтеруге және мал иелерінің жауапкершілігін арттыруға әкелуі тиіс. Қараусыз қалған жануарларға қатысты, заңның 10-бабының 4-тармағына сәйкес аулау қызметтері, жануарларды ұстау орындары, жануарларды уақытша ұстау орталықтары қаңғыбас жануарларға егу жұмыстарын жүргізеді. Қараусыз қалған жануарлардың санын реттеу мақсатында заң жобасында ауланған және баспаналарда ұсталатын жануарларды зарарсыздандыру қарастырылған,-деді ол.

Өзгелердің жаңалығы