Заңгер: Жастарымыз медиация негіздерін білмегендіктен көп ажырасады

12 Қазан 2022, 16:43
982
Бөлісу:
Заңгер: Жастарымыз медиация негіздерін білмегендіктен көп ажырасады

Бұл туралы «Қазақстан тұтынушылар лигасы» қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрағасы Светлана Романовская мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, дауларды сотқа дейін шешу тақырыбы қазірде жастар арасында үлкен қызығушылыққа ие болып отыр.

Дауларды сотқа дейін шешу мәселесі жас ұрпақтың үлкен қызығушылығына ие. Заң мұндай жанжалдарды, мәселен, ерлі-зайыптылар, туыстар, іскери серіктестер арасында туындаған дауларды соттың араласуынсыз шешуге мүмкіндік береді. Бір өкініштісі, Қазақстанда әрбір екінші неке отбасылық өмірдің бірінші жылында келісе алмау, медиация негіздерін білмеу себебінен бұзылады, - деп атап өтті лига басшысы.

Сонымен қатар белгілі заңгер заң бойынша қылмыстық жаза кімдерге жеңілдетілуі мүмкіндігіне тоқталды. 

Жәбірленушінің өліміне әкелмесе немесе денсаулығына ауыр зиян келтірмеген ауыр қылмыс үшін қылмыстық жазадан кейде заңды түрде құтылу мүмкіндігі қарастырылған. Алайда медиация рәсіміне жатпайтын қылмыс түрлері бар. Бұл – азаптау, сыбайлас жемқорлық, терроризм, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар, - деді Светлана Романовская.

Өзгелердің жаңалығы