Белгілі заңгер Қазақстанда кемсітуге, алалауға жиі кімдер тап болатынын айтып, мұндай жағдай орын алмасы үшін не істеу керегін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Адамды жұмысында, дүкенде немесе қоғамдық көлікте еш себепсіз кемсітіп, әділетсіздік танытса, не істеуге болады? Әлемнің көптеген елінде адамға терінің түсі, діндік ұстанымы, сексуалдық бағдары, жынысы, жасы және басқа да ерекшеліктеріне байланысты менсіңбей қарап, кемсітетіндермен қалай күресу керегі бойынша бай тәжірибе қалыптасқан.
Бірақ, Қазақстанда қоғам адамды кемсіту, алалау мәселесін қазбаламауға тырысады. Адам құқығы жөніндегі халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис алыс шет елдер, ТМД елдері және Қазақстанда кемсітушілікпен қалай күреседі және еліміз өңір бойынша көршілерінен қандай өлшемдер бойынша артта қалып отырғаны жайында сұхбат берді.
– Евгений Александрович, Қазақстан үшін кемсітушілік мәселесі қаншалықты өзекті? Елімізде басқа мемлекеттермен салыстырғанда ахуал қандай?
– Адамды кемсіту, алалау мәселесі барлық ел үшін өзекті. Осы проблемаға тап болмаған мемлекет жоқ. Кемсітуді бір үлкен проблемаға – геноцид немесе расимзге жатқызамыз. Алайда кемсітушілік көп жағдайда әлеуметтік-тұрмыстық салалармен байланысты болады.
Әлемдік практикадан байқайтын болсақ, кемсітушілікті әдетте мүгедектігі бар адамдар, әйелдер, балалар, түрлі осал топтар сезінеді. Сонымен қатар діни, этникалық, жыныстық тұрғыда азшылық топтардың эмоциялық және анағұрлым өзекті проблемалары кейстердің жалпы санының 10%-дан азын құрайтынын шетелдік пратика көрсетіп отыр.
Кемсітпеушілікке құқық анағұрлым кең ұғым – теңдік құқықтың құрамдас бөлігі екенін түсіну керек. Кемсітушіліктен азат болу императивті нормаға жатады, яғни мемлекетке ресми түрде қандай да бір құжатқа қол қою немесе ратификациялау қажет етілмейді. Қазақстан – БҰҰ-ға мүше болуы фактісі елдегі кемсітпеушілік сөзсіз қорғалуы керегін білдіреді.
Кемсітпеушілік абсолютті құқыққа жатады, оған қатысты ешқандай шектеу болмауы тиіс. Ешкімді ешқандай кемсітуге болмайтыны ҚР Конституциясының 14-бабында, сондай-ақ 39-бабында құқықтар мен бостандықтар ешбір жағдайда да шектелмеуге тиістігі баяндалған. Бұған 14-бапта кепілдік берілген.
Біздің әлемді тану әдісіміз көп жағдайда стереотиптермен байланысты болады. Ал олар кез келген себептер бойынша әлде біреуге қатысты негативті болса, алалаушылыққа айналады. Соңғысы әрі қарай сигматиацияға айналады (теріс сипаттағы ойлар немесе стереотиптерге негізделген атақ біреуге ілінген кезде). Осы тізбектің соңында кемсітушілік тұр.
Қазақстан қоғамы басқа көптеген елмен салыстырғанда анағұрлым толерантты көрінеді. Бізде анық кемсітушуліктің жемісі – расизм, геноцидтің белең алған белгілері жоқ. Бірақ, бізде халықаралық ұйымдардың бағалауы бойынша түйіткілді проблемалар бар. Атап айтқанда, БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою комитеті, БҰҰ-ның нәсілдік кемсітушілікті жою комитеті, БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитеті. Қазақстандағы маңызды кемшіліктің бірі – кемсітушілікке қарсы заңнаманың, институттар мен процедуралардың болмауы.
- Жекелеген заң болуы керек пе?
– Әрине. Онда өте нақты ұғымдық аппарат болуы керек. Қандай орган болуы керек, шағыммен қайда жүгінуге болады, құқықтық қорғау және зиянды өтеу құралдары қандай екені жазылуы шарт. Осы тұста кемсітушілік деген не екенін түсіну маңызды. Адамның арына, құқығы мен еркіндігіне кез келген шектеу, оларды қандай да бір негіздер бойынша пайдалануға кедергі жасау, теңсіздіктің негізді және айқын критерийлері болмаған кезде ұқсас жағдайларда тең емес қатынас – кемсітушілік деп аталады.
Мысалы, сіз күнделікті өмірде мүгедектігі бар адаммен кездестіңіз делік. Қандай сезімде болдыңыз? Сіз оның немен айналысатынын, жоғары білімінің бар-жоғын білесіз бе? Бірақ, сыртқы белгілер салдарынан сіздің ойыңызда: жиренуден бастап жанашырлыққа дейін жекелеген стереотиптер пайда болады. Міне, осы күйі қандай да бір реакцияға – елемеуге, ашулануға, мүгедектігі бар адамның, мысалға қоғамдық көлікке ұзақ мініп жатуына байланысты жағымсыз эмоцияларды туындатса, кемсітушілік сипаттағы ұсақ белгілердің пайда болуына әкеледі. Бұдан кез келген адам толығымен қорғалуы тиіс. Бұл мемлекеттің міндеті.
Қайталап айтамын, Қазақстандағы проблемалар жүйелік деңгейде. Өйткені кемсітушілікті регламенттейтін не заңнама, не ұғымдық аппарат, не орган, не процедуралар жоқ. ҚР Конституциясы бойынша кемсітушілікке тыйым салынған, алайда Қылмыстық кодексте теңдікті бұзу үшін жауапкершілікке тартуға болатын бір ғана 145-бап бар. Іс-жүзінде бұл бап жұмыс істемейді.
Бейбіт шерк бостандығына саяси құқыққа қатысты кемсітушілік тәсілдің бір мысалын келтірейін. Бұл мәселелерді БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитеті атап көрсетті. Қазақстанда орталық алаңдарда, қалалардың көшелерінде ресми, мәдени-бұқаралық іс-шараларға рұқсат етіледі, бірақ митингілер мен шерулерге рұқсат етілмейді. Сондықтан БҰҰ мамандары елде кемсітушілік заңнама қарастырылған деп санайды. Себебі қоғамдық месседждің мазмұны қандай да бір шектеулермен байланысты болмауы керек. Әйтпесе, бір нәрсеге наразылық білдіргендер кемсітіледі. Ресми іс-шараларға қуанатын немесе қатысатындарды ғана қолдау дұрыс емес.
– Заңнамада халықтың барлық топтары үшін әрқашан тең жағдайлар қамтамасыз етілуі тиіс пе?
– Жоқ, түрлі топтарға қатысты нақты критерийлерге сүйене отырып, түрлі жолмен өте нақты негізделуі керек. Қарапайым мысал келтірейін, Қазақстанда шетелдік азаматтарға саяси партияларға қатысуға және сайлауға кандидат ретінде шығуға тыйым салынған. Мақсат нақты – егемендікті , саяси билікті сақтау. Осы жағдайда неліктен мұндай шектеу барын нақты түсіндіретін негізді критерийлер бар.
Алайда солтүстік Еуропада тұрақты тұрып жатқан шетелдіктер дауыс беруге және жергілікті сайлауға кандидат ретінде шығуға құқылы екенін атап өткен жөн. Өйткені бұл азаматтар салық төлейді, жергілікті халықпен бірге жергілікті инфрақұрылым, білім беру, денсаулық сақтауды жақсартуды қалайды.
– Қазақстанда адам құқықтары жөніндегі уәкілетті орган жұмыс істейді. Органның қызметі азаматтардың кемсітпеушілік құқығын қорғау үшін жеткіліксіз бе?
– Әрине жеткіліксіз. Көптеген елде заң немесе заңдағы ереде түрінде дискриминацияға қарсы арнайы заңнама бар. Айта кететін болсам, көрші елдер – Тажікстан, Өзбекстан, Қырғызстан осындай заідарды қабылдады немесе қабылдауды жоспарлап қойған. Біз болсақ көп жыл бойы бұл тақырыпты көтеріп қана келеміз. Соңғы екі жылда құқық қорғаушылар Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Сыртқы істер министрлігімен осындай заңнаманы әзірлеу мүмкіндіктерін талқылай бастады.
Азаматтық қоғам сарапшылары алғашқы жобаларды дайындап жатыр. Реттеуші саясаттың тұжырымдамасын, консультативтік құжатын дайындады, халықаралық тәжірибені зерделеп, ұсынымдар әзірлеу үстінде.
- Басқа елдерде бұл қалай жұмыс істейді?
– Түрлі практика. Мысалы, Молдова Республикасында теңдікті қамтамасыз ету туралы заң бар, Теңдік және кемсітпеушілік жөнінде кеңес жұмыс істейді. Кеңес азаматтардың шағымын қарап, олар бойынша шешім шығара алады. Бұл шешімдер бойынша сотқа шағымдануға болады. Кеңес министрлік емес, қоғамдық құрылым, адам құқық жөніндегі ұлттық мекеме. Оның қызметі біздің Адам құқықтары жөніндегі комиссияға ұқсас, сонымен қатар заңды күші бар шешімдер шығаруды қоса алғанда, белгілі және нақты өкілеттіктерге ие.
Басқа елдерде мүгедектік немесе еңбек саласына байланысты кемсітушілік шағымдарын, соның ішінде жұмыс орнындағы қудалау мәселелерін қарайтын мамандандырылған құрылымдар бар. Мұндай құрылымдар соттардан дербес әрекет етеді және қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін ауыр құқық бұзушылықтарды қарастырмайды.
Қазақстан заңнамасында теңдікті қамтамасыз ету және кемсітушілікке тыйым салуға нұсқаулар ғана бар. Айтып өткенімдей, бізде халықаралық стандарттарға сәйкес келетін анықтамалар жоқ, құқықтық қорғауға тиімді құралдар ретінде қолдануға болатын институттар мен процедуралар қарастырылмаған.
- Кемсіту үшін қалай жазалау керек?
- Жазалау ауыртпалығы залал деңгейіне байланысты. Бастапқы кезеңде екі нәрсені ескеру керек. Біріншіден, бұзылған құқықты қалпына келтіру.
Егер адамды қандай да бір себептен жұмыстан шығарса немесе ол қандай да бір топқа жататынына байланысты тіл тигізген болса, осыдан кемсітушілік байқалса, онда көпшілік алдында кешірім сұралып, қызметін қайтару, ақшалай эквивалентте ақылақтық зиян өтелуі керек. Кемсітушылықтің анағұрлым ауыр салдарында – денсаулыққа зиян келтіру немесе мүлікке залал тигізу кезінде әкімшілік немесе қылмыстық-құқықтық компонент енгізілуі мүмкін. Сол кезде мемлекет адамды заңнама бұзғаны үшін жауапқа тартады. Кемсітушілік қылмыстық әрекеттерді жасау кезінде ауырлататын мән-жай болып саналады.
– Шынайы өмірде кемсітушілік қалай байқалады және адамдар құқығы қалай теңестіріледі?
– Әлем елдері кемсітушілкпен бұрыннан бері күресіп келеді, белгілі бір тәжірибе қалыптасқан. Еуропада сот жұмысына құрметсіздік танытған адамға айыппұл салынған. Өйткені ол сот залында отырып, тақиясын шешуден бас тартқан. Кейін Адам құқықтары жөніндегі еуропалық сот сот залында тақия киіп отырғаны үшін айыппұл ар-ождан, дін және сенім бостандығына қатысты Адам құқықтары жөніндегі еуропалық конвенцияның ережесін бұзады деп таныды. Өйткені бұл жағдайда тақия адамның діни ұстанымының бір бөлігі саналады, қалған жағдайда ол сотқа қатысты құрметсіздік танытты.
Келесі бір жағдайда бәрі керісінше болған. Мотоциклмен жүрем деп шешкен сикхтен басындағы сәлдесін шешу талап етілді. Бас киім оған қорғаныш шлемін киюге кедергі болған. Бірақ шлем – мотоцикл жүргізушісі немесе жолаушының қауіпсіздігінің бір бөлігі. Бұл жағдайда адам не мотоциклге жоламауы керек, не басындағы сәлдесін шешіп отыру керек.
– Қазақстанда кемсітушілікті регламенттейтін не заң, не ұғымдық аппараттың жоғын айттыңыз. Елдің қарапайым азаматтар кемсітушілікті қалай танып, онымен қалай күресе алады?
– Өкінішке қарай, әзірге мүмкін емес. Өйткені механизмі жоқ. 145-бап іс жүзінде қолданылмайды. Демек, жұмыс істемейді. Тең құқық қалай бұзылғанын дәлелдеу қиын. Әкімшілік кодекстегі 90-бап өте шектеулі, онда жұмыс орнында ақы төлеуде, әлеуметтік-өндірістік және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасауда теңдік бұзылған жағдайлар туралы ғана айтылған.
Әрине, ұғымдық аппарат бар. Ол Қазақстан ратифилациялаған екі халықаралық құжат – әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық формасын жою және нәсілдік кемсітушіліктің барлық формасын жою туралы конвенцияларда жазылған. ҚР Конституциясының 4-бабына сәйкес олар ұлттық құқығымыздың бір бөлігі саналады. Осы құжаттарда жазылғанды біз орындауымыз керек, өкінішке қарай, іске асырылып жатқан жоқ. Өйткені әр жағдайда кемсітпеу құқығын бұзу болғаны, болмағанын және оның қалай іске асқанын анықтау қажет болады.
Заңнаманың жекелеген нормаларды түзеткендей болады, бірақ одан артық емес. Былтыр заңнамамыздан кемсітушілік норма алынып тасталды. Бұл норма әйелдердің еңбек етуі тыйым салынған жұмыстар мен қызметтерді тізіміне қатысты болды. Бұл тыйымды алып тастағаны өте дұрыс болды, өйткені әйел қандай да бір қызметпен айналысқысы келе ме, жоқ па өзі таңдауы керек.
– Кемсітушілікті адам өзі анықтай ала ма?
– Әрине. Мысалы, елге әкелінетін барлық діни әдебиет (Қазақстанда тіркелген ұйымар басып шығарған әдебиеттен басқа) дінтанулық сараптамадан өтуі тиіс. Бұл цензураның бір түрі. Содан кейін ғана мұндай әдебиетті таратуға болады.
Билік өкілдерінің әрекеті түсінікті: экстремистік әдебиеттің жолын кесу. Бірақ билікті неліктен тек дині әдебиет қана алаңдатады. Мысалы, Гитлердің «Майн кампф» кітабы дині болмаса да фашистік басылым. Сонымен қатар қандайда бір көркем роман да дині әдебиеттен гөрі өте қауіпті болуы мүмкін. Алайда мұндай кітаптар сараптамаға ілікпейді. Бұл алалайтын тәсілдеме.
Құқықтар мен бостандықтарды шектеуге байланысты қандай да бір айырмашылықты байқаған сайын, оның объективті критерийлерге негізделгенін бағалауыңыз керек.
Күні кеше Қазақстанда мынадай шектеу жұмыс істеді: саяси партия құру үшін 50 мың адам қажет болатын. Ал басқа қоғамдық бірлестіктерді құру үшін 10 адам жеткілікті саналды. Неге олай дегенде бізге саяси партиялар – елдің саяси жүйесінің маңызды элементі екенін түсіндірді. Бірақ, кейін адам санын 40 мыңға, кейін 20 мыңға түсіруге әбден болатыны анықталды. Қазіргі шек тіптен 5 мың адамға дейін төмендеді, одан аспан айналып, жерге түсіпеді.
Объективті және қажетті критерийлермен негізделмеген қандай да бір айырмашылықты байқасаңыз, демек кемсітушілік белгілері бар.
– Гомофобия, эйджизм, сексизм кемсітушілік болып санала ма?
– Кез келген белгі бойынша көпшілікке қатысты азшылықты қолайсыз жағдайға қоюдың кез келген әрекеті кемсітушілік саналады
- Қазақстанда кемсітушілік қай салаларда жиірек орын алады?
– Ол үшін статистикаға көз жүгірту керек, ал статистика үшін жақсы ұғымдық аппарат қажет екенін қайталап айтамын. Ал бізде ондай аппарат қалыптаспаған. Бірақ халықаралық практика (бұл Қазақстанға қатысты жоқ деп ойламаймын) этникалық, діни, жыныстық азшылықтардың, мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары, тіл мәселелері – кемсітушілікке әкеп соғатын ең өзекті мәселелер екенін көрсетіп отыр. Кейбір патриархалды елді гендерлік теңсіздік те бар.
– Аталған пролемалара арасында заманауи Қазақстан үшін өзекті тіл мәселесі бар. Кеңес одағы кезінде орыс тілі жоғары қойылып, басқа тілдерге дискриминация жасалғанын айттыңыз, ал қазіргі жағдай қандай?
– Бұл ситуацияға маятник тұрғысынан қарайға болады. Егер маятник тілшігін үнемі бір шетіне қарай бұра берсе, ол ерте ме, кеш пе, екінші шетіне ауып кетеді де, тепе-теңдікке оралуы екіталай болады. Өкінішке қарай, бұл Кеңес одағында ондаған жылдар бойы жүргізілген орыстандыру саясатының жемісі.
Екінші – мемлекеттілік мәселесі. Өйткені Қазақстанда титулдық халық – қазақстар. Демек, титулдық этностың тілі басты тіл болатыны анық.
Осы ситуациядағы ең басты проблема – өтпелі кезең. КСРО-ның ыдырауы кезеңінен 30 жыл өтсе де, тіл мәселесін шешуде үлкен жетістікке жетпедік. Халықтың орыс тілді бөлігі әлі күнге дейін қазақ тілін үйрену емес, елден кетуді жөн санайды.
Тілді үйренуге үгіттеу, тіпті агрессияшылдық тәсіл қолданылуына қарамастан тіл мәселесін шешу оңай емес. Ерте ме, кеш пе, теңгерімге келеміз. Сол уақытта қазақ тілі іс жүзінде мемлекеттік тілдік рөлін атқаратын болады. Бірақ, орысша сөйлетін халықтың басым бөлігі сақталатын болса, онда Канада мен Швейцарияда секілді Қазақстанда әкімшілік екітілдік жұмыс істей бастайды деп ойлаймын.
- Қазақстанда кемсітушілікке қатысты қатынас өзгереді деп ойлайсыз ба?
– Саяси ерік деңгейінде, қазір парламенттік сайлаудан кейін біз саяси реформаларды, соның ішінде кемсітушілікке қарсы заңнаманы әзірлеу мен қабылдауды жүзеге асыру кезеңіне көшеміз деп үміттенемін. Менің ойымша, заңнаманы реттеу әлеуметтік шиеленісті жеңілдетеді, көптеген мәселе үлкен қақтығыс басталғанға дейін шешілетін болады.
Демек, кемсітушілік пен бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді жөнін білетін құрылымдар пайда болады. Адамдар сол құрылымдарға жүгіне бастайды, бұзылған құқығына қатысты мәселесі шешіліп жатқанына көз жеткізеді, үйренеді. Бұл жеке компанияларға да, мемлекеттік органдарға да, жеке тұлғаларға да жақсы профилактикалық әсер береді.
Қазақстандық қоғамда толеранттылық өсіп, кемсітушіліктің кез келген формасына төзбеушілік енгізіле бастайды. Бұл бір жылда қол жеткізуге болатын шаруа емес, дегенмен көп елде жұмыс істеп жатқан практика. Бізде де іске асырылады.