Заңдарды, әсіресе, Конституцияны өзгертпеймін – Президент

29 Қаңтар 2022, 21:35
2526
Бөлісу:
Заңдарды, әсіресе, Конституцияны өзгертпеймін – Президент

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Заңды, Конституцияны өзгертпеуге уәде берді. Сондай-ақ елді Конституцияға сәйкес екі мерзімнен артық басқармайтынын айтты.

Қоғамның саяси трансформациясымен де, экономикалық қайта құрулармен де бір мезгілде айналысу керек. Бұл - менің миссиям. Қалай болғанда да, мен қанша уақыт Қазақстан Президенті болатынымды білмеймін. Бірақ Конституцияға сәйкес екі мерзімнен артық болмайтынымды нақты білемін. Заңдарды, әсіресе, Конституцияны өзгертпеймін, - деп уәде берді Тоқаев "Хабар 24" телеарнасына берген сұхбатында.

Тоқаев бұрынғы басшының қателіктерін айтып, сынамайтынын жеткізді.

Бұрын болған нәрсені сынамаймыз. Қанша дегенмен, бұл біздің тарихымыз. Бірақ менің Президент ретіндегі міндетім - бүкіл қоғамды, саяси жүйені, экономиканы трансформациялауда оң нәтижелерге қол жеткізу. Мен Қазақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауымда саясат пен экономика бірге жүріп жатқанын, тарихи шындықтарымызда қазір экономикамен айналысамыз, ал саясат күте тұрады деп айта алмайтынымызды жеткіздім. Саясаттың да экономикалық өзгерістерге серпін беретіні белгілі болды, - деді Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы