Заңдар қазақ тілінде жазылу үшін не істеу керек? – Министр жауап берді

Бүгiн, 11:12
252
Бөлісу:
Заңдар қазақ тілінде жазылу үшін не істеу керек? – Министр жауап берді
Фото: BAQ.KZ архив

БАҚ өкілдерінің бұл сұрағына Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Егерде қажеттілік туындап жатса қай тілде өтінім келеді сол тілде заң жобасы әзірленетін болады. Онда қиыншылықтар болғанын көрген емеспін. Қазіргі кезде ондай мүмкіншілік бар. Қажеттілігі болып жатса, қай тілде ерекше сөйлейді сол тілде заң жобасы әзірленеді, - деді министр.

Заң жобалары құжат жүзінде министрліктен келеді. Көбі орыс тілінде. Соны қабылдап жұмыс істей бересіздер ме? деген БАҚ өкілдерінің нақтылау сұрағына министр былай жауап берді.

Бізде Конституцияға сай екі тілде қатар жүретін талап бар. Бізге келген заң жобасы екі тілде әзірленеді. Біз оған сараптама жасаған кезде азамат қай тілде еркін сөйлейді сол тілде жүргізе береді, - деді ол.

Еске сала кетейік, осыған дейін Үкімет отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев instagram желісінде жойылған қазақ әндеріне қатысты қандай іс шара қабылдау керегін айтты.

Өзгелердің жаңалығы