Қостанай облысы Әділет департаменті «Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында екі ынтымақтастық Меморандумына қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сіздерді Қостанай облысы Әділет департаменті, Қостанай облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Қостанай облысы филиалы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҚЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалы арасында екі ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Бірінші Меморандум Қостанай облысы Әділет департаменті мен Қостанай облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті арасында жасалды. Бұл құжаттың мақсаты – азаматтардың құқықтық санасын арттыру, білікті заң көмегіне қолжетімділікті кеңейту, сондай-ақ жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің еңбек құқықтарын қорғау. Тараптар еңбек дауларын заңдық тұрғыдан реттеу және еңбек заңнамасын бұзудың алдын алу мәселелері бойынша бірлесіп жұмыс істеуге ниетті.
Екінші Меморандум Қостанай облысы Әділет департаменті «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Қостанай облысы филиалы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҚЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалы арасында жасалды.
Құжат кәсіпкерліктің өсуі мен дамуы үшін институционалдық негіз қалыптастыруға, сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар санаттағы істер бойынша берешегі бар азаматтардың қарыз жүктемесін азайту мақсатында оларды жұмыспен қамтуға бағытталған.
Келісімдер құқық қорғау жәнеэкономикалық бастамаларды іске асыру үшінжағдай жасай отырып, мемлекеттік органдар,бизнес-қоғамдастық және азаматтарарасында тиімді өзара іс-қимыл орнатуға мүмкіндік береді деп күтілуде.