Заң және тәртіп: Астана жастары үшін ерекше спорттық турнир ұйымдастырылды

Кеше, 18:32
191
Бөлісу:
Заң және тәртіп: Астана жастары үшін ерекше спорттық турнир ұйымдастырылды
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Jarqyn bolashaq жобасы елордалық жастар арасында лудомания мен алаяқтықтың алдын алу бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоба аясында қоғамдық тамақтану және сервис колледжінде (Kopis) бамперболдан матч ұйымдастырылды.

Бампербол – бұл футбол түріндегі көңілді спорттық ойын, онда ойыншылар үлкен үрлемелі шарларды киеді. Шарлар дененің жоғарғы бөлігін жауып, қозғалу үшін аяқтарын бос қалдырады.

Біз бұған дейін пейнтбол және боулинг турнирлерін ұйымдастырдық, жастарға құмар ойындар мен алаяқтыққа әртүрлі пайдалы баламаларды ұсынуға тырыстық. Бампербол – бұл аса танымал болмаса да, қызықты спорт түрі, оған тек фотосуреттің өзінен-ақ назар аударға болады. Мұндай спорттық ойын-сауық командалық рухты нығайтуға және белсенді демалуға өте жақсы ықпал етеді, - деді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының қызметкері Олжас Амангелді.

Қызықты спорттық іс-шара Kopis студенттерінің, еріктілер мен қала белсенділерінің назарын аударды. Бампербол турниріне 100-ден астам адам қатысты.

Жеңімпаз командалар Алғыс хаттармен марапатталды.

Сондай-ақ жоба аясында осы аптада 100 адамның қатысуымен тимбилдинг өткізу жоспарлануда.

Jarqyn bolashaq жобасы – жастарға құмар ойындарға пайдалы балама табуға және алаяқтардан қорғануға көмектесетін жоба.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда, соның ішінде елордада да осы күндері 25 қарашадан 10 желтоқсанға дейін жалғасатын «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» Халықаралық акциясы өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы