Заң мен тәртіп: СҚО-да тағы бір "Жас сақшылар" сыныбы ашылды

Салтанатты шараға СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 gov.kz 19 Қараша 2025 2025, 18:45
19 Қараша 2025 2025, 18:45
620
Фото: gov.kz

Салтанатты шараға СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл бастама жасөспірімдерді отансүйгіштікке, жауапкершілікке, тәртіпке және заңды құрметтеуді үйрететін маңызды жоба болып табылады.

«Жас сақшы» сыныбы оқушыларға құқық негіздерін терең меңгеруге, полиция қызметінің ерекшеліктерімен жан-жақты танысуға, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздіктің қалай қамтамасыз етілетінін түсінуге мүмкіндік береді.

Бүгінде Петропавл қаласы мен Шал ақын ауданында үш  «Жас сақшылар» сыныбы жұмыс істейді. Онда 7–8-сыныптың 70 оқушысы білім алуда.

Наверх