Заманауи Алматы. Шаһардағы ерекше ескерткіштер

5 Маусым 2023, 15:34
1800
Бөлісу:
Заманауи Алматы. Шаһардағы ерекше ескерткіштер
Фото: автордан

Алматы қаласында 163-тен астам ескерткіш пен мүсін бар. Осы ретте, қаламызда орналасқан ең ерекше композицияларға тоқтала кетсек, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі. 

Esentai Square шағын бағында британдық суретші әрі мүсінші Ник Фиддиан-Гриннің «Тыныш су» дейтін өнер туындысы қойылған. Аталған композицияда жылқының басы көрініс тапқан.

Заманауи Алматы. Шаһардағы ерекше ескерткіштер

Республика Сарайының алдында ою-өрнектермен көмкерілген шыны ыдыс-аяқтар қойылған. Өнер туындысының маңайында сүретке түсіп, серуендеп қайтуға болады. Бұл туындының авторы кім екені белгісіз. Бұдан бөлек, алаң алдында алма пішіндес композицияларды көруге болады.

Заманауи Алматы. Шаһардағы ерекше ескерткіштер

Алматыдағы Арбат алаңында «OQY» атты композиция қойылған. Аталған өнер туындысында кітап, «OQY» жазуы бейнеленген. Кітап беттерінде Бейімбет Майлин, Абай Құнанбайұлы, Әбіш Кекілбаев, Эмили Бухзальд, Роберто Боланьо, Себастьян Фолкс нақыл сөздерін көруге болады. Ал «OQY» жазуының қас бетіне әр тілде «оқу» деген сөз жазылған.

Заманауи Алматы. Шаһардағы ерекше ескерткіштер

Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында кішігірім ескерткіштер қойылған. Солардың бірі әрі бірегейі Абай Құнанбайұлының мүсіні. Ұлы тұлғаның бенесі мұражай алдына қойылған себебі, Әбілхан Қастеевтің сүйікті кейіпкері Абай болған. Суретшінің қылқаламынан туындаған «Абай киіз үй алдында», «Жас Абай», «Абай жаз жайлауда» шығармалары дәлел.

Заманауи Алматы. Шаһардағы ерекше ескерткіштер

Бұдан әрі Көк Төбе демалыс саябағында «Этника» атты композицияны көруге болады. Туынды да жүзік, білезік өз-ара үйлесім тапқанын байқаймыз. Саябақ қызметкерлерінің пікірінше, осылайша келушілерге қазақ халқының салт-дәстүрін, зергерлік өнерін таныстыруды мақсат еткен.

Заманауи Алматы. Шаһардағы ерекше ескерткіштер
Өзгелердің жаңалығы