Залалданған карантиндегі шие экспорттаушы елге қайтарылды

3 Маусым 2024, 07:25
259
Бөлісу:
Залалданған карантиндегі шие экспорттаушы елге қайтарылды
Фото: gov.kz

Залалданған 39 тонна шие Қырғызстанға қайтарылды, соынмен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 400-бабына сәйкес фитосанитариялық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өткен аптада Қырғыз Республикасымен шекаралас аумақта орналасқан Жамбыл облысының фитосанитариялық бақылау бекеттерінде Қырғыз Республикасынан Ресей Федерациясына жіберілген шиенің транзиттік карантинге жатқызылған өніміне инспекторлар карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) жүргізген кезде шиенің карантиндік дрозофила зиянкестерінің дернәсілдерімен зақымдануының 2 жағдайы анықталды, - деп жазды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетейік, дрозофила — бұл кішкентай шыбындар (жеміс шыбындары), олардың мөлшері шамамен 2-4 миллиметр және салмағы екі миллиграмм, әдетте қоңыр-сұр денелері мен қызыл көздері бар. Дернәсілдері өсімдік тектес субстраттарда дамиды. Шыбындар шіріген көкөністер мен жемістермен, ашыған ағаш шырынымен, саңырауқұлақтардың жеміс денелерімен және микрофлораға бай басқа органикалық қалдықтармен қоректенеді.

Өзгелердің жаңалығы