Зағип және нашар көретін балалар халықаралық әдістеме бойынша білім ала бастады

14 Қазан 2021, 20:03
5650
Бөлісу:
Зағип және нашар көретін балалар халықаралық әдістеме бойынша білім ала бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы мен Шымкент қалаларынан зағип және нашар көретін 40 баланы UCMAS» халықаралық әдістемесі бойынша ауызша есеп-шотқа оқыту басталды, деп хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.

«Инклюзивті қоғамды құруға және дамытуға бағытталған жастар бастамаларын қолдау» жобасын іске асыру шеңберінде «Асыл бала» қауымдастығының Шымкент қаласы бойынша филиалы «UCMAS KAZAKHSTAN» және «АЛИАР – UCMAS» жоба серіктестерімен бірлесіп зағип және нашар көретін балаларды «UCMAS» халықаралық әдістемесі бойынша Брайль арнайы оқулықтарымен ауызша есеп-шотқа үйретуді бастады.

Сабақтар Н.Островский атындағы зағиптер және көздері нашар көретін балаларға арналған №4 арнайы мектеп-интернатында және Шымкент қаласының көру қабілеті бұзылған балаларға арналған «Үміт» мектеп-интернатында өтеді.

«Асыл бала» қауымдастығы филиалының директоры Гүлнар Үсенованың айтуынша, ауызша есептеудің халықаралық әдістемесі зияткерлік қабілеттің дамуына мүмкіндік береді. 

«UCMAS» ауызша есептеу әдісімен оқитын балаларымыздың керемет нәтижелері бар. Республикалық турнирде орыс тілінде есту жаттығуларында абсолютті чемпион Алматы қаласының арнайы мектеп-интернатының оқушысы болды. Сондай-ақ ол визуалды жаттығу бойынша екінші орын алды, - деді Г.Үсенова. 
Инклюзивті қоғам құруға бағытталған жастар бастамаларын қолдау жобасы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асырылуда.  Тапсырыс беруші - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.
Өзгелердің жаңалығы