Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Заңсыз митингілерді ұйымдастырмақшы болғаны үшін 53 адам ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Карантин режимін қатаң сақтау талабына қарамастан 6 маусымда Қазақстанның кейбір қалаларында адамдар заңсыз митингілер өткізбекші болды. Прокуратура мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері олардың әрекеттері заңсыз екенін түсіндірді. Алайда кейбір азаматтар заң талаптарын орындаған жоқ, - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті шараларды қабылдаған.
Карантиндік шектеулер мен заң талаптарын орындаудан бас тартқаннан кейін заңды бұзғандар профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін полицияға жеткізілді. Олардың әрекетіне құқықтық баға беріледі, - делінген таратылған ақпаратта.
Заңсыз митингілер кезінде 53 адам ұсталған.
Полицияға 53 адам жеткізілді. 8 адамға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың жетеуіне айыппұл салынды, біреуіне ескерту жасалды. 2 құқық бұзушыға қатысты мемлекеттік қызметкерді қорлағаны және күш қолданғаны үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қалғаны профилактикалық әңгімелесуден кейін босатылды, - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 6 маусымда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында заңсыз митингілер өткен болатын.