Заңсыз дәрі сатпақ болған тағы бір тараздық азамат ұсталды

9 Шілде 2020, 20:45
2216
Бөлісу:
Заңсыз дәрі сатпақ болған тағы бір тараздық азамат ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда дәрілік препаратты заңсыз сатпақ болған ер азамат ұсталды. Бұл туралы "Жамбыл-адалдық алаңы" хабарлады.

Таразда 1996 жылы туған азамат "цефамед цефтриаксон" медициналық дәрілік препаратының 15 қорабын заңсыз сатпақ болған. 24 жастағы азамат арам пиғылын 11-ші ықшам ауданындағы айыппұл автотұрағы мекемесінің алдында жүзеге асырмақ болған. Қылмысты полиция лейтенанты Н.Медеуов әшкерелеген. Аталған факті Тараз қаласының полиция департаментінде тіркелді. 

Тергеу кезінде ұсталған азамат дәрі-дәрмекті отбасы мүшелері коронавируспен ауырып жатқандықтан белгісіз біреуден сатып алғанын айтқан. Алайда ол ем-домнан қалған дәрі-дәрмекті қымбат бағаға сатпақ болған. Ол дәрінің 15 қорабын 30 мың теңгеге өткізуді көздеген. Кейін оған әлеуметтік желі арқылы Н. Медеуов (полиция лейтенанты) шығып, аталған препараттарды сатып алатынын жазады. А.Кенжебек оған келіседі. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері оны тұтқынға алады. Нәтижесінде, одан Мысырда өндірілген "цефамед цетриаксон" дәрісінің 15 қорабы тәркіленеді. Қазір аталған іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.
Өзгелердің жаңалығы