Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министр Асқар Мамин онлайн өткен Үкімет отырысында заңнамалық бастамалардың 8-топтамасы бизнеске не беретінін айтты.
Бизнес жүргізу шарттарын жақсарту үшін Үкімет заңнамалық база мен кедендік әкімшілендіруді үнемі жетілдіруде. Биыл 18 маусымда Парламент Сенаты бизнес ахуалды жақсарту бойынша заңнамалық бастамалардың 8-топтамасын қабылдады. 6 кодекс пен 33 заңға 200-ге жуық түзету енгізілді. Атап айтқанда, жылжымайтын мүлікке қатысты ақпарат қолжетімді болады, - деді Асқар Мамин.
Премьер айтқандай, электр желілерін қосу аясында "бір терезе" қағидатын енгізу көзделген.
Табиғи монополия субъектілерінің ақпарат алуы бойынша барлық несиелік бюролар бойынша тең жағдайлар жасалған. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы, топографиясы және техникалық шарттары бар жер телімдерін беру бойынша рәсімдер жеңілдетілді. Қабылданатын түзетулер монополияға қарсы реттеудің тиімділігін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, өңірлердегі кәсіпкерлердің шешуді қажет ететін мәселелерін талқыладық. Бизнес қолдау жөніндегі 43 қосымша шарадан тұратын іс-шаралар жоспары жасалды, - деді Мамин.Үкімет басшысы аталған шаралары сатып алуды жеңілдету және ауыл шаруашылығы лизингтік қаржыландыруды қарастыратынын айтты.
Тауарлардың экспортын дамыту мен рәсімдерді жеңілдетуді жеңілдетеді. Жалпы, осы шаралар аясында кәсіпкерлікті одан әрі дамуына серпін береді. Сондай-ақ, шаралар Қазақстан Doing Business-тегі позициясын жақсартуға үлес қосады. Бұл шаралар нақты орындалуы тиіс, - деді ол.