Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
Заңнамалық құжатты талқылау барысында депутаттар құқық бұзушылық әрекеттер үшін жауапкершілікті күшейту немесе ізгілендірудің нақты өлшемдерін белгілеуге қатысты бірқатар мәселелер көтерді. Соның ішінде, бюджетті тиімсіз игеруге, жол-көлік оқиғасы орын алған жерді тастап кетуіне байланысты жазаны анықтауға қатысты нақты талаптар қажеттілігі айтылды.«Жұмыс тобы заң жобасын әзірлеушілермен, сондай-ақ, құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, екінші оқылымға дейін бюджеттік қаржылардың тиімсіз пайдаланылғандығын анықтау үшін барлық шараларды әзірлеу қажет. Осы Кодекс мемлекеттік бюджет қаржыларын игеру барысында мемлекеттік органдар әкімшілік бағдарламаларының бірінші басшылары үшін жеке жауапкершілікті анықтауға мүмкіндік береді», - деді Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин.
Депутаттар сапасы төмен туристтік қызмет көрсеткені үшін туроператорды лицензиясынан айыру немесе қызметін тоқтатуды қарастыратын норманың дұрыстығы туралы мәселе көтерілді.Олар Әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты өзгерістерді Кодекстің өзінің жүйелілігін бұзбау үшін жеке заңмен енгізуді ұсынды. Нығматулин депутаттардың түзетулерін қолдай отырып, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне жыл сайын 10-15 рет түзетулер енгізілетінін және олар көбінесе ілеспелі заң жобаларын қамтитынын атап өтті. Құқыққорғау және сот органдары үшін жүйелілік пен жоспарлылықтың маңызды екенін алға тартқан Мәжіліс төрағасы Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне енгізілген өзгерістердің барлығын бір заң арқылы жүзеге асыру Үкіметке заң жобаларын дайындау барысында дәйекті жоспар құруға жол ашса, ал депутаттар үшін осы заң жобаларымен жүйелі жұмыс істеуге мүмкіндік беретінін айтты.