Қызылордада зират өртенді

<p> </p> <h4> <p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда қаласындағы «Орталық қазақ бейіті» аумағы&nbsp;өртенді. </p> <br> </h4>

 4 Қазан 2020 2020, 21:21
4 Қазан 2020 2020, 21:21
3865

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда қаласындағы «Орталық қазақ бейіті» аумағы өртенді.

Өрт бүгін 12.30 шамасында тұтанған. Облыс орталығындағы А.Тоқмағанбетов көшесінің бойында орналасқан «Орталық қазақ бейіті» аумағында 2 гектарға жуық қураған шөп жанған. 

Өрт 15.24-те толық сөндірілді. Оған облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 25 өрт сөндірушісі және 7 техникасы тартылды. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда. Зардап шеккендер жоқ, - деді өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі Бекзат Макулов. 

Оқиға орнында Қызылорда қалалық Полиция басқармасы, Қызылорда облысы Жұмылдыру дайындығы басқармасы, жедел жәрдем бригадасы, «Қызылорда тазалығы» ЖШС мамандары жұмыс істеді.


Наверх