Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 4 адам тіркелді. Оның екеуі Шиелі ауданындағы Бала би, Қодаманов ауылдарынан, ал бір адам Жаңақорған ауданынан анықталып отыр, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Ауру жұқтырғандардың екеуі 1989, 2010 жылы туған ер адамдар, қалған екеуі 1996, 1967 жылғы әйел адамдар. Барлығы осы инфекциямен ауырған адамдармен байланыста болып жұқтырған. Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда. Олар дер кезінде медициналық бақылауға алынып, оқшауланып, тексерістен өтіп жатыр, – делінген хабарламада.
Өңірде қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 104-ке жетті.