Қызылордада ХҚКО-лар жұмысын бастады

18 Мамыр 2020, 22:57
1611
Бөлісу:
Қызылордада ХҚКО-лар жұмысын бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдай тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі штаб шешімімен 18-ші мамырдан бастап аймақта ХҚКО-лар өз жұмыстарын бастады.

Азаматтардың денсаулығы мен өміріне алаңдаушылық тудыратын вирустың таралу қаупінің сақталуына байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібін өзгерту туралы шешім қабылданды. Өзгерістер ХҚКО-да көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін, оларды ұсыну форматын да қамтиды.

Енді азаматтар ХҚКО-дан тек "қағаз жүзіндегі", электронды форматта қолжетімсіз қызметтер мен egov.kz порталында онлайн түрде рәсімделген қызметтердің нәтижелерін ғана алады. ХҚКО-ға бару үшін 1414 байланыс орталығы,  egov.kz сайтындағы арнайы сервисі немесе TelegramBot қосымшасы арқылы кезек уақытын алдына ала брондау қажет. Алдын ала жазылусыз ХҚКО-ларда ешқандай қызмет көрсетілмейді.

Айта кетейік, бұл жаңашылдықтар тек қалалық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына ғана қатысты. Ал аудандық маңызы бар қалаларда, сондай-ақ аудан орталықтарында орналасқан бөлімдерде келушілердің ағыны қалаға қарағанда айтарлықтай аз болуына байланысты өзгеріссіз жұмыс істейтін болады.

Сонымен, қалаға қарасты №1 бөлім (Ғ.Мұратбаев к-сі, 2 Е), №2 бөлім (Қорқыт ата к-сі, 123), №3 бөлім (Ақмешіт, 1 Б), №4 бөлім (Б.Асқар к-сі, 47), халыққа қызмет көрсету орталықтары және мамандандырылған бөлім (Жаңадария, 91 Б) кезек уақытын алдын ала брондау арқылы қызмет көрсетеді.

Ал көші-қон орталығы (Х.Бектұрғанов 70 к-сі, 47) мен аудандық бөлімдер бұрыңғы режимде жұмыс жасайтын болады. Жұмыс кестесі: 9: 00-17:00.

Азаматтар электронды форматқа аударылған және egov.kz порталында қолжетімді барлық мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамын тек өздігінен немесе бұрынғыдай ХҚКО ғимараттарында емес, әкімдіктер жанындағы кеңселерде, оқу орындарында, медициналық ұйымдарда және т.б. жерде орналастырылатын өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында ала алады. Онда азаматтар өзіне қажетті қызмет түрлерін ала алады.

Өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары келесі мекенжайларда орналасқан:

- Қалаға қарасты барлық ауылдық округ әкімдігінің ғимараты
- Ә.Тәжібаев облыстық кітапханасы
- Сол жағлауда орналасқан облыстық жастар ресурстық орталығы
- "Бақытты отбасы" орталығы
- Қаламыздағы автосалондар ғимараты
- "Энергосервис" мекемесі
- Барлық пәтер иелері кооперативтері ғимараты
- Тұрғын үй жинақ банкі ғимараты

- Қалаға қарасты барлық мектептерде

Сондай-ақ, азаматтар мемлекеттік қызметтер және оларды өз бетінше қалай алуға болатыны туралы толық ақпаратты 1414 нөміріне хабарласып біледі, ондағы ХҚКО операторларынан кеңес ала алады.
Өзгелердің жаңалығы