Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған соңғы 12 жағдай туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.
Ауру жұқтырғандардың 11 жағдайы Шиелі ауданында тіркелді. 1 жағдай Арал ауданында анықталды. Барлығы да коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде - делінген хабарламада.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
07.04.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 66 адам анықталды, Қызылорда қаласында – 9 жағдай, Жаңақорған ауданында – 16, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 35 жағдай, Сырдария ауданында-1 жағдай, Арал ауданында – 1 жағдай.