Қызылорда облысында су айдындарында тексеру жұмыстары жүргізілді

9 Тамыз 2020, 19:48
1679
Бөлісу:
Қызылорда облысында су айдындарында тексеру жұмыстары жүргізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің "Су көлік объектілерінде қатаң карантиндік шектеу шараларын енгізу туралы" қаулысына сәйкес, Республика аумағындағы су айдындарында ойын-сауық және серуендеу-экскурсиялық бағытында пайдаланылатын су көліктерді (катерлер, теплоходтар және т.б.) пайдалануды ерекше өкімге дейін тоқтату қарастырылған.  


Бұл ретте, Қызылорда көлік прокуратурасы, Қызылорда облысы бойынша Көліктік бақылау инспекция, ҚР ІІМ ТЖК Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі ММ-сі, Қызылорда облысының Тауалар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті қызметкерлерінің қатысуымен жуырда Шиелі ауданы Бәйгеқұм елді мекені Ханқожа көлінде бірлескен рейдтік іс-шаралар ұйымдастырып, жүргізді.

Жүргізілген рейдтік жұмыстар барысында азаматтардың шағын көлемді кемені басқарған кезде бұзушылықтары анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 582-бабы 5-тармағына сәйкес 3 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.




Өзгелердің жаңалығы