Қызылорда облысында шектеу шаралары енгізілді

31 Наурыз 2020, 10:25
1959
Бөлісу:
Қызылорда облысында шектеу шаралары енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысы аумағы бойынша коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында шектеу шаралары енгізілді.

Қызылорда облысының бас санитарлық дәрігері А.Абдикаимованың қаулысы бойынша 2020 жылдың 31 наурызы сағат 00:00 бастап 2020 жылдың 15 сәуірі сағат 07:00 дейін Қызылорда қаласында карантин және Қызылорда облысы аумағы бойынша келесі шектеу шаралары енгізілді.

1. 31.03.2020 жылдың 00:00 сағаттан бастап коронавирус инфекциясының таралуын ескере отырып, азық-түлік тауарларын, дәрілік заттарды, медициналық заттарды және басқа да тұрғындардың өмір сүруіне қажетті тауарлар мен қызмет түрлерін, өндірістік және ауылшаруашылығы кәсіпорындарының үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз етуді қоспағанда, Қызылорда қаласына келесі көліктерге (авто, әуе көліктеріне) 14 тәулікке кіруге және шығуға тыйым салуды;

2. жүк және жолаушыларды тасымалдауды есепке алмағанда, 01.04.2020 жылдың 00:00 сағаттан бастап соңғы стансасы Қызылорда қаласы болып табылатын барлық темір жол желісінің қызметіне тыйым салуды;

3. Қызылорда қаласына келетін транзиттік жолаушыларды Шиелі және Тереңөзек станцияларында түсіруді қамтамасыз етуді;

4. Осыған байланысты Қызылорда қаласына Шиелі мен Тереңөзектен Қызылорда қаласына келетін автомобиль жолдарында куәландырушы құжаттарды ұсына отырып (пойыз билеттері және т.б.), қосымша блок-бекеттер орнатуды;

5. Блок-бекеттер мамандарының жұмысын күшейту және олардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз етуді;

Өзгелердің жаңалығы