Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында кәсіпкер жалпы сомасы 3 млн теңгені құрайтын құжаттары жоқ алкоголь өнімдерін сатпақ болған.
Мемлекеттік кірістер комитетінен хабарлағандай, Қызылорда облысы Жанақорған кенті, Иманов көшесінде орналаскан алкоголь өнімдерін көтерме жəне бөлшек сатумен айналысатын дара кəсіпкер Ү. салықтық тақырыптық тексеру жүргізілді.«Тексеру барысында 15980 дана 2 863 704 теңгеге сыра өнімдерін ілеспе жүк құжатсыз сатып, сақтап жатқандығы анықталды. Осыған орай, ҚР ӘҚБтК 282-бабына сəйкес, құжаттары жинақталып Жанақорған аудандық сотына шешім қабылдау үшін жолданды», - делінген хабарламада.