Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев президенттің әскери міндетті азаматтарды арнаулы жиындарға шақыру туралы қаулысы туралы айтты.
2 сәуірде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндетті азаматтарды арнаулы жиындарға шақыру туралы қаулысы шықты. Бұл жаңалыққа байланысты туындаған сұрақтарды түсінеміз. Бүгін қорғаныс министрі бұл шараның қалай жүзеге асатыны туралы толық түсіндірді, - дейді Абаев.
Мемлекет басшылыққа алатын қағидаттар туралы:
Біріншіден, қажет болған жағдайда ғана шақыру. Мемлекет күші жеткілікті жерлерге әскери міндетті адамдар шақырылмайды;
Екіншіден, өз еркімен баратын адамдарға басымдық беріледі; Қабылдау кезінде жасы, отбасылық жағдайы, денсаулық жағдайы сияқты барлық факторлар ескеріледі. Жұмыс істеушілердің жалақысы сақталады. Жұмыссыз азаматтарға төлемдер болады.
Қызметте тәулік бойы болу қажет емес. Жұмыс күні аяқталғаннан кейін үйіне қайтады. Сөзсіз, олардың барлығы медициналық бақылаудан өтеді және қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі. Бүгіннің өзінде бірқатар азаматтар Отанға қызмет етуге дайын екендігін білдірді. Осы тұста, сол азаматтарымызға алғыс айтамын. Елдің қорғаны мен мақтанышы – өздеріңіз. Сонымен қатар, қазір көптеген азаматтарды ел қорғаны деуге толық негіз бар. Олар: вируспен күресіп жатқан – дәрігерлер. Мұқтаж жандарға көмек беріп жүрген – волонтерлер. Күніне жүздеген маска тігіп жатқан тігіншілер. Карантин режимінің сақталуын бақылап жүрген полиция қызметкерлері. Антисептик шығарып жатқан зауыт жұмысшылары. Жедел-жәрдем жүргізушілері. Міне, президенттің "Біз біргеміз!" деген ұранының мәні мен мағынасы да осында, - дейді министр.