Юрий Ильин Солтүстік Қазақстан облысының халқымен кездесті

25 Тамыз 2022, 19:15
905
Бөлісу:
Юрий Ильин  Солтүстік Қазақстан облысының халқымен кездесті
PHOTO

2022 жылғы 25 тамызда Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин барды,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жұмыс сапары барысында Министрдің оқушылар сарайының мәжіліс залында облыс тұрғындарымен кездесті. Кездесу кезінде ТЖ туындаған кезде халықты хабардар етуге, су тасқыны кезеңінде суда ТЖ және тұрғын үйлерді су басудың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмысқа, көп қабатты тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігіне қатысты халық қойған өзекті сұрақтарға жауап берді.

Юрий Ильин  Солтүстік Қазақстан облысының халқымен кездесті

Министр кездесу «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру, азаматтық қорғау саласындағы өзекті мәселелерді жедел шешу қажеттігі аясында өтіп жатқанын атап өтті. 

Министрліктің бөлімшелері төтенше жағдайларды жоюға 44  мыңнан астам рет шықты. 14 мыңнан астам адам құтқарылды, екі мың жеті жүзге жуық зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Елімізде төтенше жағдайлар мен оқиғалардың саны азайды, - деп министр өз сөзінде атап өтті. 

Есептік кездесу аясында министр бұқаралық ақпарат құралдары және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесіп, ведомствоның жұмысы, азаматтық қорғау жүйесін дамыту перспективалары, оның алдында тұрған міндеттерді шешу туралы айтып берді.

Одан кейін Министр төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласына қатысты мәселелер бойынша жүгінген азаматтарды жеке қабылдады.

Юрий Ильин  Солтүстік Қазақстан облысының халқымен кездесті

СҚО ТЖ департаменті бөлімшелерінің жеке құрамымен кездесу барысында Юрий Ильин Министрлік қызметінің негізгі бағыттарын түсіндірді, бейінді бөлімшелер басшыларының жүргізілген жұмыс туралы есептерін тыңдады, ерекше көзге түскен қызметкерлерге, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою ісіне үлес қосқан азаматтарға ведомстволық наградалар мен алғыс хаттар табыс етті.

Юрий Ильин  Солтүстік Қазақстан облысының халқымен кездесті

Министр облыс орталығына жақын жерде салынып жатқан Жедел-құтқару жасағының кешеніне, Береке шағын ауданындағы өрт сөндіру депосы кешенінің құрылыс аумағына барды. Петропавл қаласының № 3 өрт сөндіру бөлімінде өртті жоюға және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың техникасы мен жабдықтарын қарау өткізілді.

Юрий Ильин  Солтүстік Қазақстан облысының халқымен кездесті

Бөлімше аумағында қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін бір минут үнсіздікпен еске алу, олардың мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Юрий Ильин өз сөзінде олардың есімдері мен тағдырлары ТЖМ тарихына мәңгі жазылатынын атап өтті.

Министр ТЖ департаментіне барып, аумақтық орган бөлімшелерінің күнделікті жұмысымен танысты.

Өзгелердің жаңалығы