Әл-Аксадағы ауруханасында отынның жеткіліксіздігі салдарынан сәбилердің өміріне қауіп төнді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Anadolu агенттігі таратқан мәліметке сүйенсек, 20-дан астам жаңа туған сәби медициналық мекеменің толыққанды жұмыс істеуі үшін отынның жеткіліксіздігінен қатерлі жағдайда қалып отыр.
Бұл туралы ЮНИСЕФ Балалар қоры мәлімдеді.
Дейр-эль-Белах қаласындағы Акса ауруханасына отынды тұрақты түрде жеткізу мүмкін болмағандықтан оттегі генераторлары өшіріледі. Осылайша, 20-дан астам жаңа туған сәбилердің өміріне қауіп төнеді, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ ұйым отынды жеткізу мүмкіндігі әлі төмен деңгейде екендігін атап өтті.
Ал аурухана әкімдігі мекемеде медициналық қызмет көрсету ондағы отынның болмауы салдарынан тоқтатылғанын мәлімдеді. Ауруханада қазір жалпы саны 1200-ден астам науқастар мен жаралылардың өмірі қыл үстінде.