Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандық спортшы Юлия Галышева Алматыда өтіп жатқан фристайл-могулдан әлем кубогының кезеңінде жеңімпаз атанды.
1-2 наурызда Алматыдағы "Шымбұлақ" тау шаңғы куорты фристайл-могулдан әлем Кубогының кезеңін қабылдап жатыр.
Әйелдер арасындағы суперфиналда могулшы Юлия Галышева 79.69 ұпаймен жеңімпаз атанды. Француз Периин Лаффон 79.11 ұпаймен екінші орынға ие болса, канадалық Жюстин Дюпур-Лапуант 76.64 ұпаймен үштікті қорытындылады.
Аяулым Әмренова 53.26 ұпаймен келесі айналымға өте алмаған болатын.