Юлия Путинцева Францияның Ашық чемпионатында америкалық Слоан Стивенстен жеңіліп қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Матч үш сетке созылып есеп 3:6, 6:3, 2:6 болды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Американлық теннисші, әлемнің 30-шы ракеткасы US Open 2017 чемпионы және "Ролан Гаррос 2018" турнирінің финалисі.
Теннисшілер кордта 2 сағат 20 минут ойын ойнады. Осы уақыт ішінде Путинцева 17 брейк-поинттың бесеуін жүзеге асырды.
ҚТФ алғашқы айналымның үшінші шешуші матчында алған жарақаты Юлияға кедергі болды деп санайды.