Юлия Путинцева WTA рейтингінде бірден 199 сатыға жоғарылады

Бүгiн, 04:08
141
Бөлісу:
Юлия Путинцева WTA рейтингінде бірден 199 сатыға жоғарылады
Фото: olympic.kz

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева WTA рейтингінде жоғарылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Өткен аптада жұптық сында Цинциннати (АҚШ) WTA 1 000 турнирінің финалына дейін жеткен Юлия Путинцева әлемдік рейтингіде 94-орынға көтеріліп, ТОП-100-ге кірді.

Бұрын 293-орында тұрған қазақстандық теннисші бірден 199 сатыға жоғарылап, турнирлік кестедегі жағдайын жақсартты.

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина 48-ден 49-ға төмендеді.

Юлия Путинцева жекелей сында да 34-тен 31-ге көтеріліп, ТОП-30-ға қайта жақындады.

Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бұрынғыша 4-орынын сақтап қалды.

Өзгелердің жаңалығы