Қазақстан теннисшісі Юлия Путинцева (әлемнің 81-ракеткасы) Гуанчжоудағы WTA 250 турнирінде жекелей сында үшінші матчын да сәтті өткерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Отандасымыз неміс теннисшісі Татьяна Мариямен (әлемнің 48-ракеткасы) бақ сынасты.
Юлия Путинцева үш сетте де 6:4, 6:7, 6:0 есебімен басым түсіп, аталған матчта жеңіске жетті.
Кездесу 2 сағат 49 минутқа созылды.
Юлия Путинцева енді өзара бақ сынасатын Польша өкілі Магда Линетт немесе испаниялық Ребека Машарованың біреуімен сынға түседі.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Қытайдағы турнирдің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.