Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Лондонда өтіп жатқан Федерация Кубогында Юлия Путинцева ұлыбританиялық бірінші ракеткашы Йоханны Контеден жеңіліп қалды. Бұл туралы BNews.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
Қос қарсылас арасындағы бәсеке өте тартысты өтті. Алайда Йоханна Конте қазақстандық теннисшіден басым түсті.
2 сағат 25 минутқа созылған кездесу 6:4, 2:6, 5:7 есебімен ұлыбританиялық теннисшінің пайдасына шешілді. Үшінші партияда Юлия Путинцева 4:1 және 5:3 есебімен алға шыққанымен, ол бұл басымдықты ұзақ ұстап тұра алмады.
Нәтижесінде Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы жалпы есеп 2:1 болды.
Айта кетейік, енді кортқа Зарина Дияс шығады. Ол Кэти Болтермен күш сынасады. Ал жұптық сайыста Анна Данилина мен Галина Воскобоева ұлыбританиялық Хезер Уотсон және Хэрриет Дартпен өзара кім мықтыны анықтайды.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлыбритания астанасы Лондондағы Copper Box Arena стадионында теннистен Федерация кубогының екінші әлемдік тобының плей-офф кезеңі өтіп жатыр. Мұнда Қазақстан мен Ұлыбританияның әйелдер құрмасы өзара күш сынасуда.
Әйелдер құрамасы теннистен Федерация кубогының екінші әлемдік тобының плей-офф кезеңіне үш рет Франция (2013), Канада (2017), Ұлыбритания (2019) жолдама алған.
Аталған жарыста қазақ елінің намысын Юлия Путинцева, Зарина Дияс, Анна Данилина, Галина Воскобоева қорғайды. Олардық қарсыластары – Йоханна Конта, Кэйти Бултер, Хитер Уотсон, Хэрриет Дарт, Кэйти Суон.