Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Аделаида (Аустралия) WTA 500 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 19-ракеткасы, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, хорватиялық Донна Векичті 6:2, 6:3 есебімен тізе бүктірді.
Бір сағат 32 минутқа созылған бәсеке барысында Путинцева 4 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Векич 3 эйс, 1 брейктен (5 брейк-пойнт) аса алмады.
Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 11-ракеткасы, америкалық Даниэль Коллинз немесе рейтингіде 42-орындағы Тунис өкілі Онс Жабердің қай жеңгенімен таласады.
Жүлде қоры 1 млн 064, 510 мың долларға бағаланған Аделаида жарысы 11 қаңтарда аяқталады.